Ақтөбе облысында ірі жол апаты орын алды

Oinet.kz 10-06-2020 1048

Кеше Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылының маңындағы Ақтөбе-Астрахан трассасында ірі жол апаты орын алып, 6 адам көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Алдын ала мәлімет бойынша, Армения Республикасында тіркелген Toyota Ipsum маркалы көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып "Лада-Ларгус" автокөлігіне соғылған. Көлікті 46 жастағы жүргізуші тізгіндеген. 

image.png

Полиция хабарлауынша, Toyota жүргізушісі 2019 жылы мас күйінде көлік айдағандықтан жүргізуші куәлігінен айырылған. Нәтижесінде оқиға орнында "Лада-Ларгустың" жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды, тағы бес жолаушы Алға қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілген, оның ішеуі қайтыс болды. 

Артынша жол апатынан зардап шеккен 1993 жылғы қыздың да қайтыс болғаны туралы хабар келген. Жалпы жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қайтыс болды, оның барлығы "Лада-Ларгус" көлігінде отырған. 

image.png

1974 жылғы жүргізуші және 1969 жылғы, 1971 жылғы, 1981 жылғы, 1984 жылғы, 1993 жылғы жолаушылар көз жұмды. 

Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі Алға қаласының тұрғыны медициналық көмек көрсетілгеннен кейін уақытша тергеу изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Аталған баптың санкциясы бойынша, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

image.png

​Елордада коронавирус жұқтырған жүкті әйелдердің жағдайы қандай?
«Қазақ-қырғыз шекарасындағы шиеленісті қасақана ушықтырып отыр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу