Биыл қазақстандық студенттер электронды диплом алады

Oinet.kz 10-06-2020 973

Қазіргі болып жатқан жағдайға байланысты студенттер "Электронды диплом" алады. Биылғы жылы "Электронды диплом" жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Рүстем Биғари айтып берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

200130205034072a3609490i.jpg

Вице-министрдің сөзіне қарағанда жаңа жүйе уақыт үнемдеп қана қоймай шынайылыққа да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өйткені электронды форматта кез келген адам өз құжатын тексеріп, көре алады дейді Рүстем Бигари. 

"Биылғы жылы жоғарғы оқу орындары мен колледж түлектерінің барлығы дипломның электронды нұсқасын алатын болады. Бұл не үшін керек? Әр жыл сайын дипломның қолдан жасалғаны туралы көп сұрақтар туындаған болатын. Дипломның шынайылығын тексеру үшін министрлікке жылына 500 мыңға жуық ұсыныс келіп түседі. Бұл көп уақыт алады.

Биылғы жылдан бастап дипломдарды цифрландырдық. Енді онлайн режимде дипломның тіркелген тіркелмегенін тексеруге болады. Жылдаң соңына дейін жұмысты бітіреміз. Бұл халық үшін қолайлы, жалған дипломдардың санын азайтады, білім беру деңгейін өсіріп, жұмыс берушілерге шынайы ақпарат жеткізіп отырады", - дейді ол.

Жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасында ұжымдық шарт жасалды
«Жеңгелеріңнің мінезі нашар» - Бейсен Құранбек көзі тірісінде осылай депті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу