Шымкентте 300 түлек дипломсыз қалды

Oinet.kz 31-07-2021 2290

Шымкентте лицензиясынан айрылған университеттің студенттері шу шығарды. Магистратураны бітірген 300-ден астам түлек қолдарына дипломдарын  ала алмай әбден сергелдеңге түскен. Ал, жоғарғы оқу орынының басшылығы мәселені шешуге мүлдем ынтасыз, дейді. Ал, оқу ордасының педагогтары  ақша жинауға келгенде алдарына жан салмайтынын айтып ашынады. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды. 

Screenshot_1.jpgСабырдың да шегі бар»  деген студенттердің университет ғимаратын жағалап жүргендеріне бір айдың жүзі болған. Ондағы бар көздегендері қолдарына бір парақ дипломдарын алу. Алайда оның өзі жырға айналып кетті дейді. Егер магистрант екенін дәлелдейтін құжаттарын ертерек алмайтын болса, жұмыс орындарындағы қосымша үстемақыдан қағылмақ.

«Диплом керек кезде, келсек басшылары жауап бермейді. Күте тұрыңыздар, сабыр сақтаңыздар карантин деп жауып қойды. Бұл жерде сандалып жүрген 176 магистрант бар. Енді аяқ жағына жеткен кезде ешкім жуауап бермейді. Е зум арқылы да жауап берген жоқ, басшылары ескерткен жоқ. Біз қайта-қайта келе берген соң бізге смс келді что біздің лицензиямызды алып қойған себебінен біз дипломдарыңызды күте тұрыңыздар басқа универистетпен объдиняться етеміз, деді», - дейді магистрант Камалбек Махмудов.

Тіпті, педагогтар қит етсе ақша жинауды әдетке айналдырып алды, дейді магистранттар. Яғни, сессиядан бастап дипломдық жұмыстардың өзін мұғалімдер оңды-солды сатып келгенін жасырмай жайып салды.

«Бізден кураторлар талап етіп отырды. Біз сол ақшаларды соларға аударамыз немесе «мирас апптың» несіне төлеп отырдық. За практику, за защиту, за сессию, за рейтинг, за десартацию, за силабусы соның бәрі платный жүрілді. Бұл жерде қарап тұрсаң грамотный Мирас пирамида болып жатыр қазір. Образовательная пирамида», - дейді магистрант Нұрғайша Достаева.

Магистранттардың бас көтергеннен кейін жеке меншік университеттің вице президенті арнайы кездесу ұйымдастырды. Алайда, жоғарғы оқу орының лицензиясынан айрылып қалғанын сылтау еткен басшы мәселені шешуге барымызды салып жатырмыз деп ақталып бақты. Ал, жөн-жосықсыз ақша жинау бойынша мүлдем хабарым жоқ деп жылы жауып қоя салды.

«5-ші тамызда біздің университетімізге қатысты аппелициялық тыңдау өтеді. Соған байланысты студенттердің қайсы жоғарғы оқу орының дипломын алатыны белгілі болады. Егер, сот біздің шағымды қанағаттандырамаса басқа университтермен сөйлесіп, студенттерге диплом алып беруге тырысамыз», - дейді Мирас университетінің жедел басқару вице-президенті Ақмарал Даниярова. 

Қазір университеттен диплом ала алмай жүрген магистранттар саны 300-ден асқан. Олардың дені Алматы, Тараз және Шымкент қаласынан. Олардың талабы біреу ғана, яғни  15-ші тамызға дейін дипломдарын қолдарына алу. Ал, олардың қойған талаптары қаншалықты орындалары әзірге беймәлім күйде қалып отыр.

Жиын-тойға бармаңыз, денсаулығыңызды сақтаңыз!
Шымкенттік дәрігерлер пайдалы кеңестер алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу