Ақтөбеде ірі жол апаты болды: Күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Oinet.kz 11-06-2020 1270

Ақтөбе облысында алты адамның өліміне себепші болған ер адам қамауға алынды. 24 жастағы жігіт осыған дейін көлікті мас күйінде айдағаны үшін куәлігінен айырылған болып шықты. Бірақ бұл жолы алкогольді сусын қолданбаған деп хабарлайды Oinet.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Ақтөбе облыстық ПД Жантүршігерлік жол апат Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылының маңында орын алған. Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, Toyota көлігінің рөлінде отырған ер адам жолдың қарсы бетіне шығып, басқа жеңіл машинамен бетпе-бет соғылыпты. Оның 46 жастағы жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында ажал құшқан. Ал өзге үш жәбірленушінің медициналық мекемеге жеткізілген соң көз жұмғаны белгілі болды. Ақ халаттылар тағы бір адамның өмірін аман алып қала алмапты. Қазіргі кезде Алға аудандық ауруханасында жол апатынан зардап шеккен бір әйел емделуде. Ал алты адамның өліміне себепкер болған күдікті тергеуде. Оның былтыр осы уақытта мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны анықталды. Ер адам 10 жылға дейін сотталуы мүмкін. 

"Жол көлік апатының нәтижесінде алты адам қаза болды. Барлық қаза болғандар – "Лада-ларгус" көлігінің жолаушылары мен жүргізушісі. Кінәлі жүргізуші қылмыстық процессуалды кодексінің 128-бабы негізінде ұсталды", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Самат Аисов. 

Вирусолог коронавирус туралы тың мәлімдеме жасады
Тоқаев заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу