Қырғыз бен тәжік қалай күн көреді?

Oinet.kz 11-06-2020 1038

Коронавирустың салқыны экономикаға үлкен соққы болып тиді. Бұл әсіресе, нашар дамыған елдерді тұралататын сияқты. Солардың ішінде шетелге барып нәпақа тауып келетін мигранттарға күні қарап отырған Қырғызстан мен Тәжікстанға қиын тиетін түрі бар.

image.png

Сарапшылардың айтуынша, Қырғызстанға жыл сайын еңбек мигранттары 2,5 миллиард доллар қаржы әкеледі. Бұл қаржы сауда, құрылыс, көлік, білім беру салаларына жұмсалады. Яғни шетелден келген ақша осы салалардың бойына қан жүгіртіп тұрған. Карантиннен кейін сырттан келетін қаржы тоқтады. Еңбек мигранттары жаппай елге оралып жатыр. Егер жағдай бұлай жалғаса берсе, Қырғызстанда жуық арада тағы төңкеріс болуы мүмкін. 

Себебі елде екі қолға бір күрек таппай отырған 800 мың жұмыссызды әлдебіреулер саяси мақсатта пайдалануы ықтимал. 800 мың дегеніңіз бергі жағы ғана. Қазір Ресей азаматтығын алып қойған 1,5 миллион қырғыз азаматы бар. Олардың шет елде баспанасы жоқ. Қайда барарын білмей отырған олар да Қырғызстанға  қайтып жатыр. 

Тәжіктердің де жағдайы өте ауыр. Мемлекеттің бюджеті өте  қатты тапшылыққа ұшырады. Елде ауыр дағдарыс болатынын президенттен бастап бәрі айтып жатыр. 

"Рейтин" газеті

Тоқаев бұл істен қандай сабақ алар екен?
Теміртау әкімі коронавирустан айықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу