Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус жұқтырды

Oinet.kz 18-06-2020 2584

Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны белгілі  болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

755530148218230.jpeg

Бұл туралы Елбасының ресми сайтында ақпарат жарияланған. Хабарламада еліміздің Тұңғыш Президентінің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткендігі жазылады. Қазіргі таңда Елбасының денсаулығына айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ дейді олар. 

"Қазіргі кезде Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсетті. Алайда, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда", - делінген Елбасының ресми сайтында.

«833 мың жетпейді»: сенат төрағасы қандастарды мазалайтын үш мәселені атады
Қазақстанда демалыс күндері карантин енгізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу