Киелі өңірдің ерікті жастары мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

Oinet.kz 18-06-2020 856

Сыбайлас жемқорлық -  ел әлеуетін төмендетіп, қоғамға қауіп төндіретін қатерлі індет. Сол үшін ашықтық қағидатына негізделген адал қоғам құру - бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отыр. 

52748983-60a7-421c-bfd9-d314cf46d9f7.jpg

Осы орайда,  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі  қарқынды күрес жүргізіп қана қоймай, қоғамда жемқорлықсыз мәдениетті қалыптастыруға айрықша басымдық беруде. 

Атап айтсақ, Агенттіктің бастамасымен «Ізгілік Елшісі» — «Акселератор добра»     жобасы киелі өңірде жүйелі жұмыс істеуде. 

Бүгінде облысқа қарасты  барлық жоғары оқу орындары мен кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарында  1 000-ға  ерікті студент жастар  мүшелік етуде.

Ерікті студенттерден жасақталған "Ізгілік елшісі" жобасының негізгі мақсаты - азаматтық қоғамның белсенділігін арттырып, өскелең жастарды ізгілікті істерге үндеу және адалдық құндылығымен азық алуға тәрбиелеу. 

Жастар арасында құрылған аталмыш топтың ерекшелігі - ерікті түрде ілкімді шараларды іске асыру, соның ішінде қоғам өмірінде орын алып жатқан жат әдеттермен күрес жүргізу, ардагерлер мен мұқтаж жандарға көмек көрсету, қала тазалығын сақтауға үлес қосу, балалар үйін шаттыққа кенелту секілді қайырымдылыққа негізделген жұмыстар болып табылады. 

Бұл ретте, жыл басынан бері аталған жобаның ерікті жастары көмекке мұқтаж жандар мен көмек қолын созғысы  келетін игі жақсылардың  басын бір арнада  тоғыстырып, олардың   арасын жалғайтын берік көпірге айналып үлгерді. 

Атап айтсақ, жоғары оқу орындары мен кәсіптәк техникалық білім беру ұйымдарындағы студенттер облыс аумағындағы  әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға төтенше жағдай кезінде  көмек қолын созып, қоғамды ізгілендіруге айрықша үлес қосты. 

Айта кетсек, "Ізгілік елшісі" жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялануына орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен  құрылған болатын.

Әкімдердің рейтингісін зейнеткерлер бастады
​«Birgemiz» қорына төрт адам 4 миллиард теңге аударды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу