Астана қаласының атының өзгеруіне қарсылық танытқандар ұсталды

Oinet.kz 21-03-2019 989

675C5A98-4CD3-4DBC-B13D-05BDBB552539_w1023_r1_s.jpg

21 наурызда Астана әкімдігінің алдында 20-ға жуық адамды полиция ұстап әкетті. Ұсталғандар арасында қала атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуге қарсы шыққандар да бар. Бұл туралы Азаттық тілшісі хабарлады.

21 наурыз таңертең Астанада қала тұрғыны Зәуре Сағидолдинаны полиция ұстаған. Сағидолдина қала әкімдігіне барып Астана атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуге "қарсылық танытпақ болған". Полиция тұрғынды ұстап жатқан сәтте қолындағы қаулыны оқып берді. Қаулыда Сағидолдинаны елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысына қатысты қылмыстық іске куәгер ретінде шақырған. Полиция нақты қай қылмыстық іс екенін айтпады.

20 наурызда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына ант беріп, президент қызметіне кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет астанасына елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беруді ұсынды. Ол "облыс орталықтарындағы негізгі көшелерге Назарбаев атын беру керек" деді. Осы күні парламент Астана атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы заң жобасын қабылдаған. Тоқаев ұсынысын Астана қалалық мәслихаты да қолдаған.

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамымен құттықтады
Шекарашылар 60 бас жылқыны ұрлаған барымташыларды ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу