Шекарашылар 60 бас жылқыны ұрлаған барымташыларды ұстады

Oinet.kz 21-03-2019 819

90716f89ed50b13cd1c889557824c872.jpg

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

"Тараз шекара отрядына қарасты «Гранитогорск» шекара заставасының аумағында кеше шекарашылар түн қараңғылығымен Қырғыз Республикасының аумағынан 60 бас жылқыны айдап, біздің елге өтіп келе жатқан 29 және 30 жастағы екі қазақстандықты ұстады. Шекарашылар осындай үлкен «олжадан» кейін қайта шыға қоймас деп ойлаған болуы керек, таң ата қырғыз жақтан 2 атты жетектеп келе жатқан 1984 жылғы тағы бір Қазақстан азаматы ұсталды", - делінген таратылған хабарламада.

Астана қаласының атының өзгеруіне қарсылық танытқандар ұсталды
Наурыз мейрамы туралы 22 қызық дерек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу