Ақорда Президент қол қойған заң Жарлығын жариялады

Oinet.kz 27-06-2020 11365

Қазақстанда шетелдік жүк тиелген көліктер қадағаланатын болады. Президент тиісті заңға қол қойғаны хабарланды. Бұл туралы Sputniknews.kz сайты хабарлайды.

image.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Автомобиль көлігі туралы" заңға толықтыру енгізу жөніндегі құжатқа қол қойды.

ЕАЭО аумағында халықаралық тасымалды жүзеге асыратын алты мыңнан астам жүк көлігі жіті бақыланатын болды. Бұған дейін тиісті заңды парламент қабылдады.

Толықтырулар аясында елге заңсыз транзиттік тауардың кіруіне тосқауыл болатын жүйе пайда болады. 

Құжат парламентте қаралған кезде депутаттар Қазақстанға транзит ретінде кіріп, заңсыз елде қалатын көліктер жиі кездесетінін алға тартқан болатын. Кейін көліктегі тауар Қазақстанда заңсыз сатылады. Салдарынан салықтар төленбей, көлеңкелі экономика пайда болады.

Тасымалдаушылар электронды идентификаторды (навигациялық пломба) қолдануға міндеттеледі. Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі халықаралық тасымалды қадағалаушы ұлттық операторды анықтау бойынша өтемақы алады.

6200 жосықсыз тасымалдаушы жіті қадағаланатын болады. Бұл Еуразиялық кеңістікте жүзеге асырылатын тасымалдар санының 6 процентіне тең.

Назарбаев Жүрсін Ерманға ашуланды
Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев коронавируске шалдықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу