Танымал сиқыршы Камал Қоңқараев қайтыс болды

Oinet.kz 30-06-2020 5973

Танымал қазақстандық сиқыршы Камал Қоңқараев өмірден өтті. Бұл туралы дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман Facebook парақшасында хабарлады. 

image.png

 - "Арманы көп, жаны тап-таза ағам еді. Сіз де көштіңіз бе өмірден, Камал аға?.. Алла алдыңыздан жарылқасын" , - деп жазды Еркін Шүкіман. 

Сонымен қатар, белгілі актер Берік Уәлиев сиқыршының неден қайтыс болғанын хабарлады. Оның жазбасына сәйкес, Камал Қоңқарбаев жүрек ауруынан көз жұмған. 

- "Суық хабарды естіп. Сене алмай Камал ағама телефон шалдым. Арғы жағынан жеңешем алды. Жүректен кетіпті. Амал қанша,жатқан жері жайлы болсын! Ағамызды ертең, яғни 1 күні таңертең шығарады" , - деп жазды ол парақшасында. 

Белгілі болғандай, сиқыршының жаназасы ертең, "Көктем" шипажайы маңында, Курортная 220 мекен-жайында өтеді. 

Депутаттар демалысқа кетті
Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды басқаша жерлейтін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу