Камалжан Надыров алматылықтардан көмек сұрауда

Oinet.kz 01-07-2020 1118

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров Facebook-тегі парақшасында қалада медициналық кадрлардың тапшылығы барын және медициналық қызметкерлер мен еріктілер қажет екенін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі.

image.png

Надыровтың айтуынша, пандемия ұзаққа созылды және төрт айдан бойы алдыңғы қатардағы медицина қызметкерлері індетті жоюды көздеп, тәулік бойы күресіп келеді. Алайда қосымша күштер қажет, қосымша ауруханалар ашу қажет екенін айтып, шенеунік көмек сұрады. Шұғыл медициналық көмек қызметін күшейту қажет. Содан кейін медициналық кадрларға қажеттілікті өтеу үшін қосымша қызметкерлер құрамын қалыптастыру керек. 

- "Қазіргі уақытта дәрігерлерге, провизорлы және жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет жасайтын орта және кіші медициналық қызметкерлерге, зертхана мамандары мен еріктілерге зәру болып отырмыз",– деді денсаулық басқармасының басшысы. 

image.png

Адамды бір күнде өлтіретін оба тарап жатыр
Түркістан: «Ауадан вирус себіледі» деген жалған ақпарат таратқан азаматша жауапқа тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу