Түркістан: «Ауадан вирус себіледі» деген жалған ақпарат таратқан азаматша жауапқа тартылды

Oinet.kz 01-07-2020 11668

Screenshot_1.jpg

Бүгін әлеуметтік желіде  "Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар" деген сарында  жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпараттың жалған әрі шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Сіздерді,  яғни Түркістан облысының тұрғындарын осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Сондай-ақ,  дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз. Осы ақпаратты "WhatsАpp"   желісіндегі топтарда таратқан Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы қазіргі таңда  құзырлы органдармен анықталып, жауапкершілігі қарастырылуда.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Камалжан Надыров алматылықтардан көмек сұрауда
Қазақстанда 1 шілдеден бастап енгізілетін өзгерістер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу