Қазақстандық танымал композитор қайтыс болды

Oinet.kz 14-07-2020 1629

Қазақ мәдениеті тағы бір тарланынан айырылды. Ел арасында кеңінен танылған "Тамшылар ", "Есіл ағады" сияқты әндердің авторы, композитор Ахмедия Есмұханов өмірден өтті.

Screenshot_34.jpg

Қаралы хабарды Әлихан Бәйменов өзінің Facebook парақшасында жеткізді. 

"Сазгер Ахмедия Есмұханов мәңгілік сапарға аттанды. Ахаң өзінің сұлу сазды әндерімен тұтас бір ұрпақтың жүрегін сұлулыққа тәнті етіп , үйлесімдікке тәрбиеледі, қазақ музыкасы тарихында өшпес із, мол мұра қалдырды. Ардақты аға досымыздың жарқын бейнесін, аңқылдаған ақ көңілі мен жарасымды сыпайы әзілін енді тек сағынышпен еске алатын болдық. Көкіректері қарыс айрылып, жүректері қан жылап, бауырлары езіліп отырған жан жары Сәлимаға, ұлы Медет пен қызы Динараға, Болат ағамыз бен Мара жеңгемізге, барша жақындарына қайғыларына ортақтаса көңіл айтамын. Асыл аға, адал досымыздың жаны жәннатта, иманы саламат, жатқан жері жарық , топырағы торқа, арты қайырлы болсын", - деді ол. 

Түркістанда дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды
Ақтөбеде пневмониядан көз жұмған дәрігердің ұлы жанайқайын жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу