Бекзат Саттархановтың бауырын тепкілеп өлтіріп кеткен кімдер?

Oinet.kz 15-07-2020 56010

Түркістан облысындағы таэквандо федерациясының төрағасы, спорт шебері Егізбай Жанғалидің өлімі туыстары үшін әлі де болса құпия қалып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Informburo.kz-ке сілтеме беріп.

image.png

Осыдан бір ай бұрын 32 жастағы таэквандо шеберін Шымкенттегі кафе маңында әлдебіреулер аяусыз соққыға жығып, өлімше етіп ұрып кеткен. Марқұм Жанғали олимпиада чемпионы, 20 жасында жол апатынан мерт болған Бекзат Саттархановтың немере бауыры екен.

Жанғалидің жары Ләззат Құрбаниязованың тергеу амалдарына көңілі толмайды. Сол күні кешкісін күйеуіне ұжымындағы жаттықтырушы тынымсыз хабарласып туған күнін тойлауға шақырған. Сағат 4-тер шамасында қайтуға бет алған Жанғалиға әлдебіреулер тиісіп, соңы төбелеске ұласқан деп отыр жұбайы. Оның ақыры күйеуінің өлімімен аяқталған. Сондай-ақ Ләззат Құрбаниязова жолдасының ұжымдасы үйіне келгенде оқиғинаы басқа баяндап, сотта тергеушілердің көзінше мүлде басқаша айтып отырғанына аң-таң.

Жанғалидің артында үш баласы қалған. Жастайына спортқа құмар Жанғалидің ғұмыры осымен аяқталғанына әке-шешесі әлі де сене алмай отыр. 

Әкесі төбелес кезінде өзі секілді жаттықтырушы болып қызмет еткен досының баласына көмек қолын созбағанына да күмәнмен қарайды. Қалай дегенмен де таэквандодан шебер, аға жаттықтырушы ұлы Жанғалидің көшедегі екі бұзақының жалаң қолынан қаза тапты дегенге сену қиын.

Полицейлер марқұмның аталған іскен көңілі толмаған туыстарының уәждерін тыңдап, істі зерделеуге уәде етті.

​Ақмола облысында 14 жастағы қыз іздестірілуде
Павлодарлықтың басына секіріп бетінен тепкен 19 жасар жігіт ұсталды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу