Павлодарлықтың басына секіріп бетінен тепкен 19 жасар жігіт ұсталды (видео)

Oinet.kz 15-07-2020

18 жастағы павлодарлықты ұрып-соққан күдікті қамауға алынды, – деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

Павлодар қаласында орын алған қатыгез соққыға жыққан күдіктілер тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұсталды. Қазіргі уақытта 19 жастағы облыс тұрғыны Павлодар қаласының УҰИ-на қамауға алынды. 

Екіншісіне қатысты кәмелет жасқа толмағанын ( 17 жас) ескере отырып, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде бір топ жастардың төбелесті тамашалап тұрған видеосы тараған болатын. Видеода бір жас келесі бір жас жігітті ұрып-соғып, басына секірген. Төбелесті тамашалап тұрғандардың ешқайсысы оларды ажыратпаған. Керісінше, "өлтір" дем берген. 


Бекзат Саттархановтың бауырын тепкілеп өлтіріп кеткен кімдер?
Әлеуметтік желіде зираттардың видеосы қызу талқыға түсті (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×