Қазақстандық танымал актер 42500 ала алмай, қосымша жұмыс іздеп жүр

Oinet.kz 20-07-2020 1208

Қазақстандық актер Еркен Губашев әлеуметтік желідегі парақшасында карантин басталғалы ақша табу мүмкіндігінен айырылғанын және 42 500 теңге ала алмай отырғанын жазып шағымданды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпарат порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.

Screenshot_1.jpg

Кеша аға атымен танымал актер Facebook-тегі парақшасында коронавирус пандемиясына байланысты қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін айтып берді.

"Үнсіз қала алмаймын... Мен актермін....театр және кино актерімін. Сабақ беремін... Бірақ карантиннің басталуымен ақша табу мүмкіндігінен айрылдым. Жарым мүгедектік бойынша зейнетақы алады, сондықтан оған бұл 42500 берілмейді. Маған да мақұлдаған жоқ", - деп жазды актер.

Ол карантин кезінде барлығынан мәдениет қызметкерлері зардап шеккенін атап өтті.

"Кез келген жұмысқа дайынмын", - деді ол.

Жазбаға пікір қалдырған қолданушылар Еркен Губашевты қолдады.

"Менің де кіші ұлым кәсіби музыкант, жұмыссыз және жәрдемақы алмайды, қосымша жұмыстар істейді. Барлық музыкант пен әртіс осындай жағдайда", - дейді Людмила Теплинская.

Кейін Еркен Губашевқа телефон арқылы хабарласқанда, ол шынымен қазір қиын жағдайға тап болғанын айтты, сондықтан адамдардан көмек сұрауға бел буған.

"Карантин басталғалы мәдени жиындар, театр, кинотеатрларға тыйым салынды. Одан әрі ереже босаңсыды, бірақ ол біздің салаға әсер етпеді. Яғни, біз ыңғайсыз жағдайға тап болдық. Бәріміз борт сыртында қалдық. Тіпті 42500 ала алмадым, себебі БЖТ төлемегенмін. Қаншама уақыт табыссыз отырмын және оны төлеуге ақшам болмаса ше? Бірінші карантинде бұл ақшаны еш қиындықсыз жіберген, ал осы жолы бәрі өзгергенін түсіне аламай отырмын", - дейді актер.

Еркен Губашев "Гламур для дур", "Замуж в 30, "Тараз", "Бизнесмендер" сынды фильмдердегі рөлдерімен танымал.

42 500 теңге қанша адамға тағайындалғаны белгілі болды
«Ханның қызысыз ба?» деп әкімді видеоға түсірген Сандуғаш Тұрлыбекова үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу