«Ханның қызысыз ба?» деп әкімді видеоға түсірген Сандуғаш Тұрлыбекова үндеу жасады

Oinet.kz 20-07-2020 4773

“Ханның қызы халықтың жолын жаппасын!” деп әлеуметтік желіні шулатқан Жаңақорған ауданының тұрғыны Сандуғаш Тұрлыбекова көпшілікке үндеу жасады. Баз біреулер оған қысым көрсетіп жатқан көрінеді. Мен тек шындықты айттым деп шырылдаған ол Гүлшара Әбдіхалықоваға қатысты даулы видеоны өшіруден бас тартып отыр. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі Eуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

Сандуғаштың айтуынша, кейбіреулер одан даулы видеоны алуын талап етіп отыр екен.

Сандуғаш Тұрлыбекова Гүлшара Әбдіхалықованы аудандарға жұмыс сапары кезінде жолды жабуға тапсырма берді деп айыптаған болатын. Әкіммен бет-бетпе кездескен кезін видеоға түсірген ол, Әбдіхалықоваға дүрсе қоя берді.

"Сіз жолды жабуды бұйырдыңыз ба? Сіз ханның қызысыз ба? Неге сіз халықты қинайсыз, неге халықпен бірге емессіз?", - деді Сандуғаш Тұрлыбекова.

Кейіннен Гүлшара Әбдіхалықова ешкімге жолды жабуға тапсырма бермегенін мәлімдеді.

"Мен де, аудан әкімі де мұндай тапсырма берген жоқпыз. Егер шешімді учаскелік полиция қызметкері қабылдаса, оның іс-әрекеті қарастырылатын болады", - деді әкім.

Қызмет қарау нәтижесіне сәйкес, видеодағы Шыңғыс есімді учаскелік полиция қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланыпты. Оған өз аймағында қоғамдық көлікті себепсіз тоқтатты деген айып тағылған. Рас-өтірігін білмек болып телеарна тілшілері полицейге хабарласқан, бірақ ол жауап беруден бас тартты.

"Оған жауап бере алмаймын. Басқалардың айтуымен ғана сөйлесе аламын, сол кісілердің, басшылардың рұқсатымен", - деді учаскелік полицей Шыңғыс.

"Иә, басшысының рұқсатынсыз саусағының ұшын да қимылдата алмайтын қызметкердің өз бетінше шешім қабылдады дегенге сену қиын-ақ", - деп атап өтті телеарна тілшісі.

Осы орайда видеоңды өшір деп Сандуғаштың мазасын алып жатқандар да бар екен.

"Айран ішкен құтылады, шелек жалаған тұтылады" деп, сонда жолды жапты деп ана учаскелік полицей кінәлі, қолғап сұрады деп санитар кінәлі, екеуін жұмыстан шығарайын деп жатыр деп естідім. Тағы да заңсыз әрекетке барып жатырсыздар. Мені мазалауды тоқтатыңыздар, Сандуғаш видеоны ал деп. Мен ешқандай видеоны алмаймын", - деді ол.

Сандығаш осыған дейін де сан мәселені көтеріп келген. Күндіз халықтың қамын ойлайды, ал түнде өмір салты өзгереді.


Қазақстандық танымал актер 42500 ала алмай, қосымша жұмыс іздеп жүр
Асқар Жұмағалиев министр қызметінен босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу