«Қазақстанды Беларусьқа тарту керек»: Лукашенко Тоқаевқа қандай уәде берген (видео)

Oinet.kz 21-07-2020 1506

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанмен экономикалық және өнеркәсіптік байланысты дамытудың маңыздылығы жайлы айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген уәдесін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. ақпарат порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты. 

Screenshot_2.jpg

 2020 жылдың 20 шілдесінде Беларусь президенті елдің Қазақстандағы жаңа төтенше және өкілетті елшісін тағайындады. Бұл қызметке Өнеркәсіп министрінің бұрынғы орынбасары Павел Утюпин келді деп жазады "Белта" басылымы. Лукашенко Беларусьтің өнеркәсіптік секторында тәжірибесі бар адамды біздің елге елші етіп тағайындай отырып, көздеген мақсаттары туралы баяндады. 

Президент өзі мен ел үкіметі үшін қазақстандық өнеркәсіп және екі мемлекет арасында тығыз байланыс орнату өте маңызды екенін жеткізді. Ол бір бөлігінде Беларусьте "лайықты құзыреттер" бар ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды бөлек атап өтті. 

"Қазақстанды Беларусь еліне тарту керек", -деді ел басшысы. 

Сонымен қатар, Лукашенко бұл мәселені Қазақстандағы көптеген шенеунікпен, соның ішінде мемлекет басшысымен де белсенді талқылағанын тілге тиек етті. Президент тағайындалған дипломатқа "оған (Қасым-Жомарт Тоқаевқа - ред) бұл қызметке тәртіпті және сауатты адам келеді деп уәде еткенін" түсіндірді. Сондықтан, мемлекет басшысы Утюпинге Қазақстанға демалыс үшін емес, екі ел арасындағы байланысты дамытуда көп жұмыс атқару үшін кетіп бара жатқанын жеткізді. 

Шымкенттік дәрігерлердің жұмысына ресейлік әріптестері оң баға берді
Түркістан: "Nur otan" партиясы дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу