Ұлттық банк несие бергендегі тым жоғары пайыз қазақстандықтарға зиян тигізіп отырғанын хабарлады

investiruem_dengi_pod_protsenty_14_08_2015_18_26_45.jpg

Ұлттық банк өкілдері қазақстандықтарға несиелердің жоғары тарифтер бойынша беріліп жатқанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Банктегілер несиелік ұйымдардың несие бюроларына мәлімет бермейтіндіктен, Ұлттық банктің нарықта не болып жатқанын байқай алмай отырғанын айтады. 

"Расында да тұтынушылық мақсатта алынатын несиелердің қазақстандық азаматтарға және шағын бизнес субъектілеріне келтіріп жатқан қауіп-қатерлерін бақылап отырмыз. Оған несиелердің жоғары пайыздық мөлшерлемелермен берілуі себеп болып отыр. Халықаралық тәжірибеге зерттеу жүргізіп жатырмыз. Банктік емес несиелік ұйымдардың қызметін реттеу үшін белгілі бір ұсыныстарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Ұсыныстарды дайындап, үкіметтегілермен талқылаймыз. Сондай-ақ, ол мәселені нарық қатысушыларымен де талқылаймыз", - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Жанат Құрманов үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Screenshot_2.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Саят Әбенов: «Ол кезде жалдамалы лашық үйде тұратынбыз»
  • Үкаша ата кесенесінде музей ашылды
  • Елімізде күніне 370 жұп шаңырақ көтеріп, оның 150-і ажырасады
  • Түрмеге күйеуін көруге келген әйел мәнтінің ішіне телефон салып әкелген
  • Танымал ақын Саят Әбенов мүгедек ұлы мен әйелін тастап кеткен (видео)
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика