Исекешев те Жақсыбековтің кебін кие ме?

Oinet.kz 25-03-2019 1279

Screenshot_1.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Әсет  Исекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылды. Әзірге оның нендей қызмет екендігі белгісіз.

Әсет Исекешев бұған дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарған. Былтыр қыркүйекте ол кенеттен зейнеткерлікке кеткен Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтың орнын басты. Мэрліктен кеткен кезде халық жылап, қимай қоштасқан Исекешевті бұл орында жарты жыл ғана отырады деп кім ойлаған десеңізші.

Исекешевтің қызметтен кетуі елде президенттің ауысуымен байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Президент ауысқан соң оның аппаратының басшысы да жаңаруы тиіс. Исекешев осы жазылмаған заңдылықтың құрбаны болды.

Қызығы сол, Әділбек Жақсыбеков пен Әсет Исекешевтің еңбек жолдары ұқсас. Әділбек Жақсыбеков те Президент әкімшілігінің жетекшілігіне Астананың әкімі қызметінен келген болатын. Ол Президент әкімшілігінен зейнеткерлікке кетті. Оның қызметтен кетуін ақпарат құралдары әрқилы топшылаған болатын. Жақсыбековты ізінен қуып келе жатқан Исекешевтің әзірге қайда кеткені белгісіз. Әзірге оның деңгейіне лайық бос тұрған  бос орын жоқ.

 Тоқаев Исекешевке жақсы кресло тауып бергісі келсе, бір шенеунікті құрбандыққа шалуы керек. Ал ол құрбандық кім болуы мүмкін? 

9ffb2335-710d-4e9b-bd26-82252ee2c752.jpg

Тоқаев ысырапшылықпен той өткізуге мемлекет деңгейінде тосқауыл қоймақ
Ұлттық банк несие бергендегі тым жоғары пайыз қазақстандықтарға зиян тигізіп отырғанын хабарлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу