Тоқаев ысырапшылықпен той өткізуге мемлекет деңгейінде тосқауыл қоймақ

Oinet.kz 25-03-2019 1416


WhatsApp Image 2019-03-23 at 13.15.47.jpeg Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ысырапшылыққа қарсы тосқауыл қоймақ.

-Ысырапшылыққа мемлекет деңгейінде тосқауыл қоюымыз қажет. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторлары – дені сау ұлт, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру. Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу.  Тұрғындарымызға таза ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым қажет. Міне, біз осы міндеттерді шешетін боламыз.  Министрлер мен әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтын боламын,-деді президент  өткен сенбіде Түркістанға жасаған сапары барысында.  

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін де ысыпаршылдықпен күресу жөнінде пікір білдіріп жүрген шенеунік. Былтыр ол өзінің Twitter-дегі парақшасына:

“БАҚ-та жазылған той жөніндегі пікірталасты қолдаймын. Той мен салтанатты шаралардың форматын өзгерту керек. Кереметтей өтікізіп, ысырапшылық етуді тоқтату керек. Өзбектерден, түріктерден, түрікмендерден үлгі алу керек. Тойды ұлттық дәстүрге сай жасағанымыз жақсы”, – деп жазған еді.

Screenshot_19.jpg

Тоқаев бастаған шенеуніктер футбол тамашалауға келді
Исекешев те Жақсыбековтің кебін кие ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу