Автобус апатын өз көзімен көрген әйел оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Oinet.kz 26-03-2019 4845

Screenshot_5.jpg

Нұр-Сұлтандағы жантүршігерлік жол апатында зардап шеккен жүргізуші әйел ауруханаға тексеріліп келген соң бірден оқиға орнына келген. Соқтығысу кезінде Құралай Садықованың көлігі екі автобустың ортасында қысылып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен көше қиылысында шеткі қатарда тұрдым. Оңға бұрылғалы жатқанмын. Жедел жәрдем көлігіне жақын болдым. Бұл уақытта автобус менің артымда тұрған екінші автобусқа соғылды.

Артымда болған автобус маған соғылып, менің көлігім бордюрге ұшып кетті. Мен басымды рульге соғып алдым. Нағыз шок алдым" , - деді Құралай.

Жол апатынан кейін ол бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер Құралайдың миы шайқалғанын анықтапты.

"Мен ауруханада жатып емделуден бас тарттым. Себебі, бір жасар сәбиім бар. Оны тастап кете алмаймын" , - деді ол.

Бейнебақылау камераларынан Құралай Садықованың көлігін анық көруге болады. Сұр түсті Hyundai оң жақтағы шеткі қатарда автобустан кейін, жедел жәрдем көлігінің қасында тұр.

Screenshot_2.jpg

Ұлттық банк несие бергендегі тым жоғары пайыз қазақстандықтарға зиян тигізіп отырғанын хабарлады
Қайтыс болған автобус жүргізушісінің артында 4 баласы қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу