Қайтыс болған автобус жүргізушісінің артында 4 баласы қалды

Oinet.kz 26-03-2019 8219

Screenshot_1.jpg

Нұр-Сұлтанда үш қоғамдық көліктің соқтығысуынан қайтыс болған автобус жүргізушінің артында төрт баласы қалған. Әріптестері оның адал, жауапкершілігі мол қызметкер болғанын айтты. Ер адам №1 автопаркте жұмыс істеген уақыт аралығында бірде-бір жол көлік оқиғасына ұшырамаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Автопарк өкілдері, қаза болған жүргізуші Абай Оспановтың үлкен отбасы болғанын, артында төрт баласы қалғанын жеткізді. Оның үшеуі кәмелет жасқа толмаған. 

Абай Оспанов 1966 жылы дүниеге келген, жасы 53-те болған. Ер адамның көлік жүргізу өтілі сегіз жыл сегіз ай. №1 автопаркте 2017 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеген.

Автопарк басшылығы зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасына көңіл айтты.

"Бүгін қайтыс болған жүргізушінің отбасына барып, қайттық. Оның төрт баласы бар. Кәмелет жасқа толған ұлы бар, қалған үшеуі оқушылар. Отбасына міндетті түрде көмек көрсетеміз, материалдық көмек те көрсетіледі", - деді басқару төрағасының кеңесшісі Сәбит Болатов.

Абай Оспанов жүргізген №303 автобуста ақау болмағаны да хабарланды.

Жүргізуші денсаулығы да қалыпты болған. Бағытқа шықпас бұрын ол медициналық тексеруден өткен. Қысымы мен температурасы қалыпты, алькотестер теріс нәтиже көрсеткен.

Screenshot_2.jpg

Автобус апатын өз көзімен көрген әйел оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Бүгін Дариға Назарбаева алғашқы тапсырмаларын берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу