Құрбандыққа 7 тонна ет таратты

Oinet.kz 03-08-2020 649

Мұсылман үшін сауаптың үлкені - кісі көңілін жадырату. Бір кісі жымиса, он кісінің жүрегі жылиды. Сондықтан да, дін әр кісіні көркем мінезді болуға шақырады.

Screenshot_2.jpg

Сайрам ауданының бірқатар кәсіпкерлері қайырымды істен мол сауап алу мақсатында мыңнан астам отбасы мүшелеріне ізгілік танытты.

Аудан көлемінде кешегі үш күн айтта Құрбан айт мерекесіне орай, 65 ірі қара, 178 ұсақ мал, яғни қой құрбандыққа шалынып, 1251 отбасыға ет таратылды. Олардың қатары аудандағы жалғыз ілікті қарттар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, асыраушысынан айрылған, көмекке мұқтаж жандардан құралды.

Еттен бөлек, 3,5 млн теңгенің азық-түлік себеттерін (ұн, май, күріш, қант және т.б) әзірлеген қайырымды жандар аталған отбасы мүшелеріне айттық таратып, игі шараға келе алмайтын отбасы мүшелеріне үйме-үй кіріп табыстады.

Жақсылық жасау — имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Жақсылық жасаудан жарысып, нағыз мәрттік пен жомарттығын танытқан азаматтарға көпшілік мол сауапқа кенелуді тіледі.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында екі өкпесі 90 пайыз зақымданған сырқаттың жағдайы жаға ұстатты
Цой - «Еліміз аурудың шарықтау шегінен өтті»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу