​ Алексей Цой наурыз айынан бастап қанша адам коронавирустан көз жұмғанын айтты

Oinet.kz 03-08-2020 1561

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан наурыз айынан бері жалпы саны 1058 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

2020062517571724386_5ef080501039a736934733.jpg

«Қазақстанда қиын кезең артта қалды деп айтсақ, артық болмас. Қазіргі таңда елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Қазақстанда жалпы, наурыз айынан бері 92 262 адамнан індет анықталып, 67% науқас дертінен айығып шықты. Оның ішінде 30 мыңға жуық адам емделуде. Өкінішке қарай, 1058 адам қайтыс болды. Бүгінде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап азайып келеді. Мысалы, бір тәулікте COVID-ке шалдығу деңгейі 1400 адамды құрап отыр. Ауруханаларда дәрі-дәрмек те жеткілікті», - деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, республика бойынша COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан пациенттерге арналған 15 стационар науқастардың азаюына байланысты жабылған.

Цой - «Еліміз аурудың шарықтау шегінен өтті»
«Назарбаевтың келесі президент сайлауына түсеріне сенбеймін» - Тоқаев
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу