Мейірімділік жүректен!

Oinet.kz 07-08-2020 719

Screenshot_4.jpg

Коронавирус індеті жер жаһанды құрсаулап, ахуалды күннен-күнге қиындатып жібергені белгілі. Қазіргі пандемия, шынында да адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған әлемдік дағдарысқа әкеліп соқтырды. Карантин кезінде кәсіподақтар бір жеңнен қол шығарып, жұмыла жұмыс атқарып та кетті. Осы орайда, "YNTYMAQ" салалық кәсіподақ орта-және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалы алапат індеттің сұрапыл салдарынан жақындарынан айырылған "Shymkent Bus" ЖШС-інде жұмыс жасайтын 7 қызметкерге бір реттік 30 мың теңгеден қайырымдылық көмек көрсетті. Сонымен қатар, кәсіподақ тарыпнан серіктестіктің бір қызметкеріне зейнетке шығуына байланысты, елеулі еңбегін ескеріп 40 мың теңге көлемінде жәрдемақы берілді. Қысылтаяң шақта бір-бірімізге жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлігімізді сақтау – әрбір азаматтың парызы.

«СК-Фармацияның» басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңға жуықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу