Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңға жуықтады

Oinet.kz 08-08-2020

Қазақстанда өткен тәулікте 907 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

news_full1592543487bc434a8c18b7343ae8407c5cd1271e50.jpg

Оның ішінде 445 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 182 / 86

Алматы қаласы - 155 / 101

Шымкент қаласы - 12 / 10

Ақмола облысы - 37 / 22

Ақтөбе облысы - 8 / 3

Алматы облысы - 40 / 27

Атырау облысы - 24 / 21

Шығыс Қазақстан облысы - 94 / 39

Жамбыл облысы - 35 / 13

Батыс Қазақстан облысы - 51 / 21

Қарағанды облысы - 85 / 20

Қостанай облысы - 33 / 10

Қызылорда облысы - 26 / 9

Маңғыстау облысы - 32 / 27

Павлодар облысы - 15 / 4

Солтүстік Қазақстан облысы - 42 / 7

Түркістан облысы - 36 / 25

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 97 829.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы және 18 өлім жағдайы тіркелді.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 11008, 120 өлім жағдайы тіркелді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі КВИ қатысты әр тәуліктегі ақпаратты күн сайын жариялап отырады. Барлық мәлімет министрліктің ресми сайтында және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны, қайтыс болғандар және қоғамдағы маңызды жағдайлар ресми ақпарат көздері арқылы жедел жарияланады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі апта сайын арнайы брифингте хабарлайды.

Мейірімділік жүректен!
Үндістанда 191 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×