Үндістанда 191 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады

Oinet.kz 08-08-2020 789

Үндістандағы әуежайда Air India жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Oinet.kz сайты.

Screenshot_1.jpg

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 19:45 шамасында орын алған. Апатқа ұшыраған ұшақта 191 адам болыпты. Әуе кемесі Дубай-Кожикоде бағытында ұшуы керек болған. 

Басылым мәліметінше, лайнер қонар кезде ұшу жолағынан шығып кеткен. Опат болғандар мен жарақат алғандар туралы хабар жоқ. 

Әлеуметтік желіде ұшақтың құлағаны түсірілген видеосы таралып кетіпті. 

Бейнежазбада әуе кемесінің бөлшектеніп қалғаны байқалады. Оның айналасында адамдар жиналып, олардың  өртті сөндіріп жатқан аңғарылады.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңға жуықтады
Үндістандағы ұшақ апатынан көз жұмғандар саны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу