Алматыда екі автобус соқтығысып, 6 адам зардап шекті

Oinet.kz 02-02-2023 701

Алматыда екі автобус соқтығысып, соның салдарынан 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, жол-көлік апаты 2 ақпанда таңғы сағат 08:30-да Әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батыс тұсында болған.   

«Болжам бойынша №31 бағыттағы Yutong автобусының жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған №116 бағыттағы SAZ маркалы автобуспен соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам зардап шекті», - делінген хабарламада.

Аталған деректі Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өндіріске қабылдады.

Германияның Франкфурт қаласында Шымкенттік түлек Бас консулдықта өткен кездесуге қатысты
СҚО-да түзеу мекемесінде орын алған адам өліміне басшылық қалай жауап берді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу