Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды

Oinet.kz 10-08-2020 1020

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 35 адам көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

755834213986721.jpeg

Қазіргі уақытта 25650 адам коронавирус инфекциясынан емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 105 бала бар. Ауруханаларда 4713 пациент, амбулаториялық деңгейде 20 937 науқас бар. 246 адамның жағдайы ауыр, 69-ы нашар халде, 70-і өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы. 

Жалпы, елде коронавирустан 1269 адам қайтыс болды. 35 жағдайдың 12-інде ПТР тесті теріс нәтиже көрсеткенін, қалған 23 жағдайда оң нәтиже бергенін айта кету керек. 

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 741 дерегі және коронавирус белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы расталды.

Тоқаев жаңа оқулық шығаруды тапсырды
​Мүгедек азаматқа бетперде тақпағаны үшін айыппұл салған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу