«Күзде Сovid-19 жұқтырған науқастар саны көбейеді» - Сарапшылар

Oinet.kz 11-08-2020 785

Күзде әлем коронавирустық инфекцияның ауыр ағымына тап болады. Мұндай болжамдарды шетелдік ғалымдар айтты. Әсіресе, эпидемиологтардың пікірінше, көктемде және жазда өзін-өзі оқшаулау режимін қатаң сақтағандар қауіп аймағында тұр, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

image.png

- "Біз күзде аурудың ауыр болуы мүмкін екендігіне моральдық тұрғыдан дайын болуымыз керек. Вирус өзгергендіктен емес, ұзақ уақыт үйде отырған және байланыс болмаған адамдар ауырмады, бірақ пассивті иммундық жүйеге деп ие болмады. Ерте ме, кеш пе, бұл адамдар өздерінің "бункерлерінен" шығады және олар ауырып қалуы мүмкін", - деді Санкт-Петербургтегі Пастер атындағы микробиология және эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Арег Тотолян.

Тұмау және ЖРВИ  сияқты маусымдық аурулар коронавируспен ауыратын науқастардың жағдайын нашарлатуы мүмкін. Ағза қалай әрекет етеді? Бқл сұраққа мамандардың әлі де нақты жауабы жоқ. Сондықтан дәрігерлер алдын-алу үшін дәрумендер қабылдауды ұсынады. 

Сарапшылар күзде Сovid-19 жұқтырған науқастарының көбейетініне сенімді. Бірақ қатаң карантин енгізудің мәні жоқ, инфекцияның таралуын жергілікті шектеулермен тоқтатуға болады. Ғалымдардың пікірінше, вакцина ойлап табылғанша немесе ұжымдық иммунитет пайда болғанша індет аяқталмайды. Бірақ бұл үшін халықтың 70%-ы коронавируспен ауыруы керек.

Жамбыл облысында терезеден құлаған бала бүкіл шындықты айтып берді
Елде коронавирустан тағы 211 адам көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу