​Президент Сара Назарбаеваны марапаттады

Oinet.kz 13-12-2019 896

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы президентінің жарлығымен  І дәрежелі «Барыс» орденімен Сара Назарбаева марапатталды. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

2019_12_12_whatsapp-image-2019-12-12-at-12.49.29.jpeg

«І дәрежелі «Барыс» орденімен Парламент Мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов, ғалым және қоғам қайраткері Ә.Ахметов, жазушы Т.Әбдікұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК бас ғылыми қызметкері М.Мырзахметұлы, «Бөбек» балалар қорының президенті С.Назарбаева, опера әншісі Б.Төлегенова марапатталды», - делінген жарияланған мәлімдемеде.

Бұдан бөлек, ғалым Асқар Жұмаділдаевқа, әншілер Димаш Құдайбергенов пен Тамара Асарға (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері), Роза Рымбаевға (Қазақстанның Еңбек Ері) атақтары берілді.

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен әртүрлі сала бойынша 200-ге жуық адам «Отан», «Барыс», «Парасат», «Айбын» және тағыда басқа ордендермен марапатталды.

Цой карантинді жеңілдету туралы ұсыныс берді
ШҚО тұрғындары Президентке ашық хат жазды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу