Ақтөбеде жол апатынан үш адам көз жұмды

Oinet.kz 13-08-2020 1545

Оқыс оқиға 11 тамыз күні сағат 18:40-да «Ақтөбе-Богословка» трассасы бойындағы Сазды ауылы маңында болған, деп хабардайды Oinet.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

156353.jpg

«Opel Vectra» автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып «Toyota Camry» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Opel Vectra» автокөлігінің екі жолаушысы ауыр жарақаттан жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. «Toyota Camry» автокөлігінің 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Оның үшеуі тексеруден өтіп, біреуі ауруханаға жатқызылды. 

«Opel Vectra» автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургиялық бөліміне жатқызылды. Тексеру кезінде өткен жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

156352.jpg

156351.jpg

Тағы бір жол апаты «Самара-Шымкент» тасжолында болды. 

«Аudi 100 C4» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі қарсы қарсы бағытқа шығып, «Iveco МІ 80E» маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Жеңіл көлік жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Осы оқиға бойынша да сот алды тергеу жұмысы басталды.

Министрдің ағасын қамауға алу мерзімі ұзартылды
Асхат Аймағамбетов өзін сынға алатын адамдарға жауап берді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу