Жезқазған қаласына жаңа әкім келді

Oinet.kz 14-08-2020

Қайрат Әбсаттаров Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.news_full1597394417fb64ebd1687f2ce75c404f364c5f5560.jpg

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бұған дейін Қайрат Әбсаттаров басқарма төрағасының бірінші орынбасары - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы АҚ басқарма мүшесі лауазымын атқарған болатын.

Қаланың жаңа басшысын активке аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек таныстырды.

Қаланың жаңа басшысының кандидатурасы Жезқазған мәслихатының депутаттарына кезектен тыс сессияда ұсынылғандығы атап өтілді. Олар оған бірауыздан дауыс берген.

Қайрат Әбсаттаров 1966 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: 1990 жылы Қарағанды политехникалық институтын «автомобильдер және автомобиль өнеркәсібі» мамандығы бойынша бітірді; 1998 ж. - Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, экономика және өндірісті басқару мамандығы; 2018 жылы - Мәскеудегі «MISiS» ұлттық ғылыми-техникалық университеті. Іскери әкімшілендіру магистрі.

1990 жылдан 1997 жылға дейін Жезқазған қаласындағы автомобиль өнеркәсібінің өнеркәсіптік кәсіпорындарында, Қарағанды облысы әкімінің аппаратында жұмыс істеді.

Осы жылдар ішінде ол стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінде жұмыс істеді, байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы, сонымен қатар көлік және коммуникация вице-министрі, бірнеше министрліктердегі комитеттердің төрағасы болды, содан кейін премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімін басқарды.

2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін басқарма төрағасының бірінші орынбасары - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма мүшесі болды.

"Жезқазған қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Бегімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты президент әкімшілігінің келісімімен қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Танымал кәсіпқой боксшы маңызды мәлімдеме жасады (видео)
Түркістанда отставкіге арыз жазатын алғашқы шенеунік белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×