​«Тараз-Арена» спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру қарастырылуда

Oinet.kz 14-08-2020 924

 "Тараз-Арена" спорт кешеніне белгілі спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімін беру ұсынылды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

image.png

Жамбыл облысы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы мәслихаттың кезектен тыс отырысында мақұлданған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің отандық күрес мектебінің қалыптасуы мен дамуына, қазақстандық спорттың жоғары деңгейге көтерілуіне қосқан үлесін атап өтіп, халық қалаулыларына бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты. Қайта атау жөніндегі ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі. 

Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы) "Чапаев" кеңшарында (қазіргі Тегістік ауылы) дүниеге келген. 

Лукашенко өзінің қайда екенін айтты
«Қазақфильм» киностудиясында өрттің неден шыққаны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу