Баланы кәстрөлге батырып өлтірген қостанайлық сотталды

Oinet.kz 18-08-2020 1126

Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша соты Қарасу ауданындағы Октябрьский аулының 65 жастағы тұрғыны Николай Андреевке қатысты үкім шығарды,  деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_70857.jpeg

Зейнеткер 17 наурызда өзімен бірге тұратын келіншектің немересін 40 литрлік кәстрөлге батырып өлтірді деген күдікке ілінген. 

Оқиға күдікті өзінің азаматтық жары Татьяна Рассахацкаямен бірге тұратын Андреевтің үйінде болған. Соңғы рет Рассахацкаяға жеңгесі Зоя Полищук екі немересімен келген. Ересектер ішімдік ішіп отырған кезде балалар ойнап жүрген. Сәлден кейін Полищук басқа бөлмеге демалу үшін барған, артынша Татьяна Рассахацкая дүкеннен тағы бір ішімдік алып келуге кеткен. 

Өздігінен ойнап отырған балалар Андреевтің ашуына тиген. Сөйтіп немересін алып, қылғындыра бастаған. Бала жылап, қашып кеткен. Максим есімді бала абайсызда ішімдікті төгіп алған, сөйтіп Андреев оған тап берген. Алдымен ұрып, сосын үйден су толтырылған 40 литрлік кәстрөлді алып шыққан. Азаматтық әйелі дүкеннен келген кезде бала өлі табылған.   

Күдікті сотта кінәсін мойындайтынын, алайда оны аңдамай істегенін айтқан. Ресми мәлімет бойынша, Андреев азаматтық жары немерелеріне көп уақыт бөледі деп қызғанған. 

17 тамызда үкім шығару кезінде судья мемлекеттік айыптаушының пікірімен келісіп, Андреевке қауіпсіздік колониясында 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ ішімдіктен туындаған психикалық салдарға байланысты мәжбүрлі түрде емдеуді тағайындады. 

Қазақстанда коронавирустан 146 адам көз жұмған
Асқар Мамин Үкімет отырысында маңызды мәліметтерге тоқталып өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу