«Ресейлік вакцина қазақстандықтарға қолданыла ма?» - Цой жауап берді

Oinet.kz 20-08-2020 1128

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой телеарнаға ашық сұхбат беріп, коронавирусқа қатысты бірнеше өзекті сауалдарға жауап берді. Шенеунік ресейлік вакцинаның қолданылуы мен препараттан Қазақстан азаматтары зардап шексе кім жауап беретінін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Ведомство басшысы "Атамекен Бизнес" телеарнасына сұхбат беріп, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау ерікті түрде жүргізілетінін айтты. Ол Ұлт денсаулығы туралы кодекс әр қазақстандық үшін міндетті және ерікті вакцинациялардың болуын қарастыратынын түсіндірді. Қазіргі уақытта КВИ вакциналарының әсер ету механизмі мен әсері әлі толық зерттелген жоқ. Сондықтан елде препаратты үйде қолдануға мүмкіндік болғанға дейін, түпкілікті шешім қабылданбайды. Сондай-ақ Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны 65 жастан асқандар, созылмалы аурулары бар науқастар және ақ халаттылар тегін алатынын жеткізді. Сонымен бірге, ол вирусқа қарсы қазақстандық вакцинаға да тоқталды. Айтуынша, қазір еріктілерге тәжірибе жасау сатысына көшкен. 11 тамызда әлем бойынша алғашқы болып тіркелген ресейлік вакцина туралы да сөз қозғалған. Цой әріптестерімен бірге Ресейге барып, "Спутник V" препаратының клиникалық зерттеулер нәтижесімен таныспақ. 

Әрі қарай министр вакцинаның үлгісін алып, егер жақсы болса, препаратты Қазақстанға жеткізу үшін ресейлік әріптестерімен келіссөз жүргізбек. Министр вакцинаның қауіпсіздігі мен сапасы үшін кім жауапты деген сауалға да жауап берді. Цойдың айтуынша, бұған Қазақстанда Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы жауапты. Бұл орган вакциналарды қоса, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық дәрілік заттарды тексереді. Министрдің айтуынша, дәрілік заттарды бағалаудың принциптері мен мерзімдері АҚШ пен Еуропадағыдай бірдей. Күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда, әр жағдайды жеке-жеке анықтайтын арнайы комиссия жұмыс істейді. Тергеу барысында жиналған мәліметтер негізінде уәкілетті орган қатенің қай сатыда болғанын және ол үшін кім жауапты болатындығын анықтайды. 

Қытайда 21 көлік жер астына түсіп кетті (видео)
Алматы облысында итті қорлаған жүргізуші жұрттың ашуына тиді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу