ДДҰ басшысы коронавирус індетінің аяқталу мерзімін атады

Oinet.kz 22-08-2020 1745

ДДҰ есептеуі бойынша, COVID-19 пандемиясы екі жылдан аз уақытта аяқталмайды. Бұл туралы ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус айтты, деп хабарлайды Oinet.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап.  

image.png

Оның айтуынша, 1918 жылғы "Испан тұмауы" эпидемиясымен салыстырғанда, ол да 2 жылға созылған, ДДҰ-да қазір технологиялар көп.

- "Байланыс көп болса вирус тез тарайды, бірақ бізде оны тоқтату үшін технологиялар бар. Сондықтан бізде жаһандану және өзара байланыста кемшілік болғанмен, технологиялар жағынан артықшылық бар", - деді ұйым басшысы.

Бұған дейін ДДҰ Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан адамзат коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті әлі қалыптастырмайтынын айтқан еді.

Елімізде коронавирустан айыққандар саны 89712 мыңға жетті
Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу