Бүгін Айсұлтан Назарбаевтың туған күні

Oinet.kz 26-08-2020 1245

Бүгін, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың немересі Айсұлтан Рахаттың туған күні. Марқұм көзі тірі болғанда 30 жасқа толар еді. 

image.png

Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Оны бұқаралық ақпарат құралдары көбінесе "президенттің сүйікті жиені" деп атайды.

1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Австрияда орналасқан Америка халықаралық мектебінің түлегі.

Британияның корольдік "Сандхерст" әскери академиясын бітіргеннен кейін, Отарға әскери борышын өтеуге аттанады. ҚР қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының штатында болып, аға лейтенант атағын алды.

Бала кезден футбол ойнайды. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысады.

"Челси" және "Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған.

2017 жылдың ақпанында Айсұлтан Назарбаев "Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығының" вице-президенті болып тағайындалды. Бірақ көп ұзамай президенттің жиені өтініш жазып, жылы орнын босатты.

2013 жылдың 31 тамызында "ҚазРомГаз" АҚ басшысы Қайрат Боранбаевтың қызына үйленеді бірақ қазір жастар ажырасып кетті. Айсұлтанның жары болған Алима – белгілі актер Әнуар Боранбаевтың немересі.

2016 жылдың жазында екі жастың отбасында Амели есімді қыз дүниеге келді.

Ол 2020 жылдың 16 тамыз күні Лондон қаласында көз жұмды. 

Министр Цой Ресеймен келісім шартқа қол қойды
Коронавирустан кімдер көп көз жұмған: Ғалымдар күтпеген мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу