Қазақстанда жаңа Сенат депутаттары тіркелді

Oinet.kz 28-08-2020 905

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев 12 тамызда сайланған 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қаланың сенаторларына депутат куәлігін табыс етті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Орталық сайлау комиссиясы Сенаттың жаңа депутаттарын ресми түрде тіркеді. Куәліктерді тапсыру рәсімі ОСК сайтында тікелей эфирде көрсетілді. 

- "Сіздердің Парламент Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттігіңіз Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап күшіне енеді. Құрметті депутаттар, құттықтауымызды қабыл алығыздар! Жемісті жұмыс тілеймін. Бұл науқан шын мәнінде тарихта қалады. Пандемия жағдайында өткіздік, келесі науқан олай болмайды деп үміттенеміз", - деді Берік Имашев.

- "Депутат болу және сайлаушылардың мүддесін қорғау - үлкен абырой және жауапкершілік. Біз, сайланған Парламент депутаттары, қоғам мен мемлекетке қызмет етуге дайынбыз. (...) Біз Мемлекет басшысының жоғары сенімін ақтауға, өз өңірлеріміз бен сайлаушыларымыздың атынан лайықты жұмыс істеуге бар күш-жігерімізді саламыз", - деді Сенат депутаты болып қайта сайланған Ольга Перепечина.

Екі мешітті өртеп, 51 адамды өлтірді
Премьер-министрі отставкаға кеткісі келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу