Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінен коронавирус анықталды

Oinet.kz 29-09-2020

Елорданың кезекші мектептерінен коронавирус дертін жұқтыру жағдайлары тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Жанна Пралиева оқу жылының басынан бері оқушылар арасында коронавирус індетін жұқтырудың барлығы алты жағдайы тіркелгенін айтуда. Біріншісінде оқушы мектепке барып жүрген. Ал қалған бесеуі қашықтан оқытылғаны анықталды. 

"Кезекші сыныпта болған бір жайт бойынша науқаспен байланыста болған 19 адам тексеріліп жатыр. Олардың 13-і - балалар және алтауы - оқытушылар. Бәрі теріс нәтиже көрсетіп отыр. Мектепте дезинфекция жүргізілді. Балалар мен оқытушылар үйде карантинде болды және қазір сабаққа кірісіп кеткен", - дейді маман. 

Ол мектеп мұғалімдері арасында коронавирус жұқтырғандар тіркелмегенін алға тартты. Сонымен қатар, балалар бақшасында да қауіпті дертті жұқтырғандар тіркелмеген. Мектепке дейінгі және балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілері де коронавирус жұқтырмаған. Сол арада ол Covid-19 мектептерден анықталған жағдайда бірден тексеріс жүргізілетінін және қажет болған жағдайда мектеп карантинге жабылатынын айтуда. 

Алматы облысында 15 жастағы қыз бала қайтыс болды
Еңбек адамын ардақтайық: "Оңтүстік жолдары" мекемесінде "Еңбек күні" атап өтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×