Шөкеев алдағы жұмыс жоспарын жария етті

Oinet.kz 06-04-2019 791

 bb41f46a-fe38-4a48-8bca-60e4876011ef.jpg

Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалғанына бір айдан асқан Өмірзақ Шөкеев осы аптада облыстық мәслихаттың сессиясында алда атқаратын жұмыстарының жоспарын жария етті.

-Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және экономика мен бизнеске қолайлы жағдай жасау арқылы Түркістан облысын көркейту бойынша міндет қойып отырмыз. Осы мақсатта біз өңірдің дамуына серпін беретін нақты жұмыстар атқаруымыз қажет. Ең алдымен, жүйелі нәтиже беретін, биылдың өзінде халыққа тиімді болатын өзекті мәселелерді шешуге бағытталған басым бағыттарды назарға алуымыз қажет. Мен осы мақсатқа жету үшін басымдық беретін 5 негізгі бағытты айқындадым. Бұл – Түркістан қаласын дамыту, Түркістан облысының мәдени-рухани саласын жаңғырту, аудан, қала және ауылдарды дамыту, агроөнеркәсіп кешенін және индустриалды аймақтарды көтеру», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Жиын соңында облыс басшысы аталған жобаларды іске асыру арқылы өңірдің экономикалық жағдайын көтеруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға күш жұмсайтынын  жеткізді.

«Біздің алдымызда  қаладағы әкімшілік-іскерлік орталығы және рухани-мәдени нысандардың құрылысын уақтылы әрі сапалы жүргізу міндеті тұр. Жалпы облыс орталығында 89 нысанның құрылыс жұмыстары жүреді. Біз қаланың ескі бөлігін дамыту мәселесін де ұмытпауымыз керек. Түркістанның ескі шағынаудандарының инфрақұрылымын дамыту, су және газ, кәріз жүйелеріне жөндеу жұмыстары қажет. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қаласындағы үлкен 5 көше күрделі жөндеуді талап етеді. Ал 27 көшеге орта жөндеу керек. Жалпы, 62 шақырым жол реттеледі. Сонымен бірге, орталық көшелердің жан-жағын абаттандыру жоспарымыз бар. Шамамен 42 шақырым көшеге жарықтандыру, тротуар салу жұмыстары жүргізіледі. Биыл жазда көшелердің, қаланың көркейгенін тұрғындар өз көзімен көруі қажет», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

 WhatsApp Image 2019-03-29 at 10.53.33.jpeg

Тоқаев пен Путин бір-бірінің ішкі ісіне араласпауға уағдаласты
Алматы базарындағы жаппай төбелес неден шыққаны анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу