Шөкеев әр ауданға миллиард теңгеден бермек

Oinet.kz 07-04-2019 584

20190406174941.jpg

Түркістан облысының қалалары мен аудандарына 1 млрд. теңгеден қаржы бөлінеді. Бұл қаражат халыққа биыл пайдасы тиетін, нәтижесі көзге көрінетін, жылдар бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге жұмсалуы керек. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Облыс әкімі бұл бастама аудандардағы қордаланған өзекті мәселелердің шешімін табуға оң септігін тигізетінін мәлім етті. «Түркістан облысының аудандары мен елді мекендерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуі қажет. Елді мекендердің мәселелерін жүйелі түрде шешуіміз керек.  Осыған орай, аудандарды қолдау мақсатында алдағы үш жылда жыл сайын 1 млрд. теңгеден қаржы бөлінеді. Бұл қаражатты дұрыс бағытта жұмсап, игерген ауданға кейінгі жылы 2 млрд. теңгеден беріледі. Ал игере алмаған аудандардың қаражаты керісінше, қысқарып отырады. Осы арқылы ауданда атқарылған жұмыс нәтижесін аңғаруға болады, - деді Өмірзақ Шөкеев. Сондай-ақ өңір басшысы облыс бюджетінің кіріс бөлігінің тым аздығын сынға алып, оны екі есеге ұлғайту жоспарланғанын атап өтті. «Бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты айтар болсам, облыс тек 53 млрд теңге ғана кіріс табуда. Менің ойымша, облыс кірісін  100 млрд теңгеге дейін, яғни 2 есеге ұлғайтуға қабілетіміз жетеді. Сондықтан да бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі жұмысты жоспарлы түрде жүргізу қажет. Сондай-ақ  республикалық бюджет қаражаты қаралған облыстың Кешенді даму жоспарын қайта қарап шығу керек», - деді өңір басшысы.  


WhatsApp Image 2019-03-29 at 10.53.33.jpeg

 


Алматы базарындағы жаппай төбелес неден шыққаны анықталды
Қырғызстанда қыз алып қашатындар енді 10 жылға дейін сотталады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу