Қытай соты үш қазақты өмір бойына бас бостандығынан айырды (видео)

Oinet.kz 03-10-2020 1072

Қытай соты "Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, Қытай ұлтына қарсы шықты"  деген  айып тағып, үш этникалық қазақты өмір бойына бас бостандығынан айырған, деп хабарлайды Oinet.kz  Qamshy.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

image.png

Алматы қаласында Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросындағы онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатына зиялы қауым өкілдері мен сотталған үш азаматтың жақындары қатысты. Олардың айтуынша, бұл – 70 жылдан кейін қайталанып отырған ашық геноцид. Себебі, бас бостандығынан айырылып отырған үш қазақ та Оспан батырдың ұрпағы. Осыдан 70 жыл бұрын туыстары да, ұрпағы да жазықсыз атылған батырдың сүйегін ала алмаған.

Қытай  жүргізіп отырған саясаттың құрбанына айналған үш азаматтың түрмеде жатқанына 2,5 жыл болды. Негізсіз жаза тартып отырған үшеудің туыстары халықаралық ұйымдардан араша сұрап отыр. 

Қазақстанда бір тәулікте 62 адам коронавирус жұқтырды
Цой дәрігерлердің төлемдеріне байланысты маңызды мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу