Шөкеев әкімдер арасындағы кадрлық тағайындауды Кентаудан бастады

Oinet.kz 10-04-2019 899


 WhatsApp Image 2019-03-29 at 10.53.33.jpeg

Түркістанның әкімдері Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың кадрларына «құда түсуді» жалғастырып жатыр. Бұған дейінгі облыс басшысы Жансейіт Түймебаев өзінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновты Павлодар облысы Екібастұз қаласына әкімі болып жүрген жерінен әкеліп тағайындаған еді. Енді міне, Өмірзақ Шөкеев Кентау қаласының әкімі қызметіне Бақауовтың орынбасары болып жүрген Дәурен Махажановты алып келді.


Айта кетері, бұл облыс басшысының тізгінін ұстағанына бір айдан асқан  Шөкеевтің аудан, қала әкімдері арасында жасаған алғашқы ауыс-түйісі.


Дәурен Махажанов 1980 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 2001 жылы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін «Экономист-менеджер», 2007 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Қаржы магистрі» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Жаңа тағайындалған орынбасар еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы әкімінің аппаратында бас маман болып бастаған. 2001-2009 жылдары «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФбанк» АҚ, «Альянс банк» АҚ екінші деңгейлі банктерінде басшылық қызметте болды. 2009-2015 жылдары «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Қазагро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да төраға орынбасары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-да басқарма төрағасы міндетін атқарған. Павлодар облысы әкімінің орынбасары лаузымына ол былтыр ақпанда тағайындалған.


 Жаңа әкімді бүгін қала активіне  Ө.Шөкеев таныстырды. Кентау қаласының әкімі қызметін бұған дейін Ғани  Рысбеков атқарып келген еді. Ол бұл орынға биыл қаңтарда келген болатын.


Сайлау тағы мерзімінен бұрын өтетін болды
Тоқаев тағайындалған президент...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу