Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайға қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 14-10-2020 748

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз еліндегі жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz.

Тоқаев БҰҰ форумында сөз сөйлейді

- "Бауырлас Қырғыз еліндегі жағдайдың біртіндеп конституциялық жолға оралғаны қуантады. Біз барлық саяси күштерді қақтығыстардың алғашқы сәтінен-ақ сабырға шақырдық", - деп жазды Президент Twitter-де.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы көрші елдегі қазіргі президент Сооронбай Жээнебековты қолдайтындығын да айтты.

- "Президент С.Жээнбеков – мемлекеттің легитимді басшысы. Сондықтан оның қақтығыстарды тоқтатып, елдегі ахуалды қалыпқа келтіруге бағытталған әрекеттерін қолдаймын. Қазақстан үшін Қырғызстандағы тұрақтылық стратегиялық серіктес әрі одақтас ретінде маңызды",  - деп атап өтті Тоқаев.

Айта кетсек, 5 қазанда Бішкекте оппозиция митингі өткізді. Олар Жоғарғы Кеңес - ел парламенті сайлауының нәтижелерімен келіспейтіндіктерін білдірді. Дауыс беруге қатысқан 16 партияның тек төртеуі ғана парламентке өтті. Демонстранттар сайлау нәтижелерінің жойылуын, екінші рет дауыс беру процесін талап етті. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 1000-нан астам адам жарақат алды. Кейін Қырғыз елінің Қауіпсіздік Кеңесі, содан кейін ОСК сайлау нәтижелерінің күшін жойды. Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді.

Шымкентте канализация құдығынан әйел адамның мәйіті табылды
Жыл соңына қарай вирус жұқтыру қаупі артуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу