Кәсіпкер ауруханаға 2 тыныс алу аппараты мен 2 көлік алма сыйлады

Oinet.kz 15-10-2020 1142

Түлкібас ауданы.jpg

Қасиетті құт мекенде сауапты істер қатары жалғасуда. Бүгін Түлкібас ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының беделді мүшесі Бейбіт Төлешев есімді кәсіпкер партия тарапынан іске асып жатқан «Өмір» және «Шипа» жобалары аясында орталық ауруханаға екі жасанды тыныс алу аппаратын тарту етіп, өз алма бауының бір күндік терілген алмасын сол жердегі дәрігерлерге және ем қабылдап жатқан науқастарға таратты.

Жомарт жан аймақтағы коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы естіп дереу кішкене болса да дайындық жұмыстарына үлесімді қосайын деп осындай қадамға барғанын алға тартады. Және де қиын кезеңде жаман індетпен күресте бар күш-жігерлерін жұмсаған аурухана дәрігерлеріне шексіз алғысын айтып, арнайы күні кеше баудан терілген тәттілігі тіл үйіретін 2 жеңіл көлік алманы үлестірді. 

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге барды
Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу