Қызды зорлап, көлшіктің жағасына тастап кеткен

Oinet.kz 16-10-2020 1748

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында он үш жастағы қызды, ауылдас екі ересек жігіт зорлаған. Бұл туралы жәбірленушінің анасы мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz  "Астана" арнасына сілтеме жасап.

image.png

Ол азғындар жазаланбай, ауылда тайраңдап жүргеніне ашулы. Оқиға осыдан 5 ай бұрын болған. Анасының сөзінше, 22 және 25 жастағы ауыл тұрғындары 9-шы мамыр күні кешқұрым оқушы қызды алдап, бірінің үйіне апарған. Азғындық әрекеттерін жүзеге асырған соң, таңға жақын ауыл шетіндегі көлшіктің жағасына апарып тастапты. Сол күні жәбірленуші тарап арызданғандарын айтты. Бірақ іс "сағызша созылып" келеді деп отыр. Ал кәмелет жасына толмаған жасөспірімге қиянат жасағандар бостандықта жүр деп ашынды.  

- "Олар ешқандай жауапқа тартылған жоқ. Жауап алынған да, қамалған да жоқ,  келген де жоқ. Бес ай жүзінде мен полициядан ешқандай ақпарат ала алмағандықтан, Қызылорда облысынан адвокат жалдап, істі көтергенімде істің қысқартылғанын білдім. Сол екеуінің жазаға тартылып, баламды бүлдірген, сол таңатқанша істеген қорлықтарының жазасы тартылсын", - дейді жәбірленушінің анасы.

Оқиғадан кейін, мектеп психологтары қызбен жан-жақты жұмыс жүргізген. Ал облыстық ішкі істер департаменті аталған дерекке қатысты жазбаша мәлімдеме жасады. Онда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын және іс департамент басшылығының қатаң бақылауында деп жазылған.

БТА Банкінің қаражатын Әблязов қайда жұмсады (фото)
Тоқаев Абайдың туған жеріне жасаған сапарынан видео жариялады (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу