Қазақстандық танымал дизайнер қаза болды

Oinet.kz 19-10-2020 1463

Белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болды. Қаралы хабарды марқұмның достары мен әріптестері жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

image.png

Өзінің  Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында дизайнердің өлімі туралы танымал рэп-орындаушы Hiro жазды.

- "Бұл Нұрсұлтанның көзі. Бізбен бірге Сәбит Бисен жоқ, бірақ оның логотипі әр жерде! Бұл символды көрмедім демеңіз. Ол жейде, көше, барлық жерде! Біз көшеге сенің атыңды береміз! Ескерткіш орнатамыз!" – деп жазды өнер иесі. Ол желіге жүктеген stories-те дизайнер адам қолынан қаза тапқанын атап өтті. "Бисен енді біздің жанымызда емес. Досымды тепкілеп өлтірді. Сау жері қалмады! Аяқкиімінен таныды", - деді Hiro. 

Қазақстандық рэп-орындаушы Азамат Маркленов те желіде жазба қалдырды. 

- "Кешірші бізді, күндердің бір күнінде міндетті түрде бірге жұмыс істейміз, бауырым. Сен әрдайым біздің жүрегіміздесің", - деп жазды ол. 

Соңғы тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Ақ бесікте тербеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу